2 сәуір күні мектепте «Отбасыда және қоғамда аутизмі бар баланы қалай қолдауға болады» тақырыбында ата-аналарға арналған интерактив өтті. Іс-шара аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аутизмі бар балаларды отбасында және қоғамда қолдаудың өзекті мәселелері қарастырылды. Ата-аналар талқылауға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті және мамандардан практикалық ұсыныстар алды.
Интерактив жылы әрі сенімді атмосферада өтіп, ата-аналардың ақпараттану деңгейін арттыруға, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға деген түсіністік пен қамқорлықты қалыптастыруға ықпал етті.

