2020-2021 оқу жылының Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Рухани – адамгершілік тәрбиесін қалыптастыра отырып, әлеуметтік қоғамға қажетті білім деңгейі мен ептілік дағдысы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу»
Мақсаты: Мектеп, ұстаз, отбасы әрекеті арқылы оқушылардың бойына рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Оқушыларды ортамен қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастыру, өзін-өзі ұстау дағдыларын дамыту.
Рухани – адамгершілік тәрбие арқылы баланы тек жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Негізгі міндеттері:
- Азаматтық пен патриоттық сезімдерін, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге тәрбиелеу
- Жеке тұлғаның өз құқығы мен міндеттеріне сәйкес саналы түрдегі қарым-қатынасын қалыптастыру
- Рухани – адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
- Ұлттық дәстүрлерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу
- Мәдени – эстетикалық сезім қасиеттерін қалыптастыру
- Оқушыларды әлеуметтік ортада бейімделуге қажетті білім деңгейі мен тәжірибелік біліктілік және еңбек дағдылары арқылы қоғамда өз бетінше өмір сүруге бейімдеу
- Салауатты өмір салтын насихаттау
Тәрбиелік бағыттары:
- Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
- Рухани -адамгершілік тәрбие
- Ұлттық тәрбие
- Отбасылық тәрбие
- Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие
- Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
- Көпмәдениеттілік және көркем-эстетикалық тәрбие
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты