2020-2021 оқу жылының Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Рухани – адамгершілік тәрбиесін қалыптастыра отырып, әлеуметтік қоғамға қажетті білім деңгейі мен ептілік дағдысы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу»

 

Мақсаты: Мектеп, ұстаз, отбасы әрекеті арқылы оқушылардың бойына рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Оқушыларды ортамен қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастыру, өзін-өзі ұстау дағдыларын дамыту.

Рухани – адамгершілік тәрбие арқылы баланы тек жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

 

 Негізгі міндеттері:

  • Азаматтық пен патриоттық сезімдерін, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге тәрбиелеу
  • Жеке тұлғаның өз құқығы мен міндеттеріне сәйкес саналы түрдегі қарым-қатынасын қалыптастыру
  • Рухани – адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
  • Ұлттық дәстүрлерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу
  • Мәдени – эстетикалық сезім қасиеттерін қалыптастыру
  • Оқушыларды әлеуметтік ортада бейімделуге қажетті білім деңгейі мен тәжірибелік біліктілік және еңбек дағдылары арқылы қоғамда өз бетінше өмір сүруге бейімдеу
  • Салауатты өмір салтын насихаттау

 

Тәрбиелік бағыттары:

  • Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
  • Рухани -адамгершілік тәрбие
  • Ұлттық тәрбие
  • Отбасылық тәрбие
  • Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие
  • Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
  • Көпмәдениеттілік және көркем-эстетикалық тәрбие
  • Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
FaLang translation system by Faboba