Астана қаласы әкімдігінің "№3 арнайы мектеп " КММ

Біз оқушыларымызға қамқорлық пен сүйіспеншілік сыйлаймыз.

МЕКТЕП ЖАЙЛЫ

 

Мемлекеттік
рәміздер
Президенттің жолдауы
«Біртұтас тәрбие»

Жаңалықтар

09.10.2026

Өзімізді түсінуді және стресті басқаруды үйренеміз

10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Осы күнге орай ақпараттық-ағартушылық жұмыс аясында мектеп оқушылары үшін педагог-психологтар эмоционалдық сауаттылықты, стресске төзімділікті және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырды. 1–4 және 5–7 сынып оқушылары үшін «Менің эмоцияларым» психологиялық тренингі өткізілді. 8–10 сынып оқушылары үшін «Стресті қалай басқаруға болады?» практикалық семинар-тренингі ұйымдастырылды.  
05.10.2026

Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!

5 қазанда мектебімізде Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл ерекше күні педагогтерге олардың қажырлы, абыройлы әрі маңызды еңбегі үшін жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды. Құрметті әріптестер! Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби жетістіктер, шәкірттеріңіздің алғысы мен жаңа белестер тілейміз! Еңбектеріңіздің әр күні құрметке, қуанышқа және шәкірттеріңізбен мақтануға толы болсын!    
05.10.2026

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ!

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорына, Қамқоршылық кеңесіне және қазылар алқасына мектебімізді I орынмен марапаттап, осындай құнды сыйлық табыстағандары үшін ерекше алғысымызды білдіреміз!  Біздің ерекше балаларымыз үшін бұл — жай ғана спорт алаңы емес. Бұл олардың дене, әлеуметтік және психикалық дамуына, белсенді өмір салтына және әлеуетін ашуына жасалған үлкен мүмкіндік. Балаларымызға деген қамқорлықтарыңыз бен қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Жақсылық жалғаса берсін!  Астана қаласы әкімдігінің «№3 арнайы мектеп» КММ ұжымы   

Директордың блогы

Абдигалиева Гульдана Токтаровна

"№3 арнайы мектеп директоры, дефектолог мұғалімі."

Білімі: жоғары.

  • – Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, орыс тілі мен әдебиет мұғалімі, орыс тілінде оқытпайтын мектептерде;
  • – Жаңа технологиялар институты, Омск қаласы, 2016 ж., олигофренопедагогика саласындағы кәсіби қызмет;
  • – Орталық Қазақстан академиясы, Қарағанды қаласы, дефектология мамандығы
Блогқа өту

Мектеп жайлы

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін мектепте өз жұмысын тәжірибелі, білімді педагогтар атқарады, олар оқушыларға сүйіспеншілікпен қамқорлық көрсетеді.

Біз өз миссиямызға жету жолында нық қадамбасып келеміз.

Мектептің мақсаты:
Оқушылардың танымдық әрекеті мен эмоционалдық-еріктік саласындағы кемшіліктерді мүмкіндігінше еңсеруге қол жеткізу.

Мектеп әкімшілігі

Фотогалерея

Галереяға өту

Біздің серіктестер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ
ННПЦ КП, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Біздің демеушілер

"ДАР" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ
"AYALA" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ
ТОО «АЗАМАТ ҚҰРЫЛЫС»