10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Осы күнге орай ақпараттық-ағартушылық жұмыс аясында мектеп оқушылары үшін педагог-психологтар эмоционалдық сауаттылықты, стресске төзімділікті және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырды. 1–4 және 5–7 сынып оқушылары үшін «Менің эмоцияларым» психологиялық тренингі өткізілді. 8–10 сынып оқушылары үшін «Стресті қалай басқаруға болады?» практикалық семинар-тренингі ұйымдастырылды.

 

FaLang translation system by Faboba