Түзету блогының мақсаты:

Арнайы білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балаларды (олардың мүмкіндіктеріне сәйкес) белсенді қоғамдық пайдалы қызметке дайындау, әртүрлі іс-әрекеттерде өз құрдастарымен тең дәрежеде өзара әрекеттесу, әлеуметтік рөлдерді барынша меңгеру және әлеуметтік ортаға нәтижелі интеграциялау.

  • ЕБҚ бар оқушыларды анықтау;
  • Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның ұсыныстарына және медициналық анықтамаларға сәйкес үй жағдайында оқыту туралы медициналық ұсыныстарды ескере отырып, әрбір ЕБҚ бар балаға кешенді жеке бағытталған психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдауды білім беру үдерісінде жүзеге асыру;
  • ЕБҚ бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау, өмір сүру және оқу ортасын кедергісіз ету, жеке оқу жоспарына сәйкес жүктеме деңгейін сақтау.

________________________________________

Түзету блогының бағыттары:

Диагностикалық жұмыс:

  • анамнез жинау;
  • ЕБҚ бар баланың оқу деңгейін анықтау және оның мүмкіндіктерін бағалау;
  • эмоционалдық-ерік саласының және тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу;
  • ЕБҚ бар баланың әлеуметтену деңгейін зерттеу;
  • мамандардың баланың даму деңгейі мен динамикасына жүйелі бақылауы;
  • түзету және дамыту жұмыстарының нәтижелілігін талдау.

Түзету және дамыту жұмысы:

  • ЕБҚ бар баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес оңтайлы түзету бағдарламаларын, әдістері мен тәсілдерін таңдау;
  • мамандардың даму бұзылыстарын және оқу қиындықтарын жеңу үшін жеке және топтық түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастыруы және өткізуі;
  • жоғары психикалық функцияларды түзету және дамыту;
  • баланың эмоционалдық-ерік және тұлғалық саласын дамыту және мінез-құлқын түзету;
  • психотравмалық жағдайларда өмір сүруде баланы әлеуметтік қорғау.

________________________________________

Консультативтік жұмыс:

 

  • ЕБҚ бар балаға жұмыс істеу бағыттары бойынша бірлескен негізделген ұсыныстар әзірлеу;
  • педагогтарға ЕБҚ бар оқушымен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін таңдауда мамандардың кеңестері;
  • ЕБҚ бар баланы тәрбиелеу стратегиясы мен түзету оқыту әдістерін таңдауда отбасыға кеңес беру.
FaLang translation system by Faboba