Түзету блогының мақсаты:
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балаларды (олардың мүмкіндіктеріне сәйкес) белсенді қоғамдық пайдалы қызметке дайындау, әртүрлі іс-әрекеттерде өз құрдастарымен тең дәрежеде өзара әрекеттесу, әлеуметтік рөлдерді барынша меңгеру және әлеуметтік ортаға нәтижелі интеграциялау.
- ЕБҚ бар оқушыларды анықтау;
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның ұсыныстарына және медициналық анықтамаларға сәйкес үй жағдайында оқыту туралы медициналық ұсыныстарды ескере отырып, әрбір ЕБҚ бар балаға кешенді жеке бағытталған психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдауды білім беру үдерісінде жүзеге асыру;
- ЕБҚ бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау, өмір сүру және оқу ортасын кедергісіз ету, жеке оқу жоспарына сәйкес жүктеме деңгейін сақтау.
________________________________________
Түзету блогының бағыттары:
Диагностикалық жұмыс:
- анамнез жинау;
- ЕБҚ бар баланың оқу деңгейін анықтау және оның мүмкіндіктерін бағалау;
- эмоционалдық-ерік саласының және тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу;
- ЕБҚ бар баланың әлеуметтену деңгейін зерттеу;
- мамандардың баланың даму деңгейі мен динамикасына жүйелі бақылауы;
- түзету және дамыту жұмыстарының нәтижелілігін талдау.
Түзету және дамыту жұмысы:
- ЕБҚ бар баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес оңтайлы түзету бағдарламаларын, әдістері мен тәсілдерін таңдау;
- мамандардың даму бұзылыстарын және оқу қиындықтарын жеңу үшін жеке және топтық түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастыруы және өткізуі;
- жоғары психикалық функцияларды түзету және дамыту;
- баланың эмоционалдық-ерік және тұлғалық саласын дамыту және мінез-құлқын түзету;
- психотравмалық жағдайларда өмір сүруде баланы әлеуметтік қорғау.
________________________________________
Консультативтік жұмыс:
- ЕБҚ бар балаға жұмыс істеу бағыттары бойынша бірлескен негізделген ұсыныстар әзірлеу;
- педагогтарға ЕБҚ бар оқушымен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін таңдауда мамандардың кеңестері;
- ЕБҚ бар баланы тәрбиелеу стратегиясы мен түзету оқыту әдістерін таңдауда отбасыға кеңес беру.