Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ождан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.