2022 жылғы 23 қарашада "№3 арнайы мектеп" КММ-де Астана қаласы мектептерінің инклюзивті білім беру педагогтарына арналған "Ерекше білімдіқажет ететін балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістер мен тәсілдерді қолдану"тақырыбында қалалық семинар өтті.

Бұл семинардың мақсаты: ақыл-ойы кемістігі бар балалармен жұмыс жасаудағы тәжірибемен бөлісу.

Семинарды мектеп директоры Г.Т.Абдигалиева ашты, ол мектептің стратегиясы мен миссиясы, оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері және ата-аналармен жұмыстағы педагогикалық қызмет туралы айтып берді."Алға бір қадам" ата-аналар клубының жобасын таныстырды.

Семинар барысында сөз сөйлеген педагогтер ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістер мен тәсілдерді қолданды.Өз тәжірибелерімен бөлісті, ашық сабақтар, тәрбие сабақтары, шеберлік сыныптары, тренингтер, логопедтер мен дефектологтар балалармен жекежәне топтық сабақтар өткізді.Тыңдаушылар сабақ жоспарларын QR-кодты қолдана отырып жүктеп алды.

Семинар соңында қонақтар алынған ақпараттың өзектілігін, пайдалылығы мен жаңалығын атап өтті.Сондай-ақ, семинардан қанағаттанудың жоғары дәрежесі атап өтілді.Бұл семинар мамандардың әдістемелік белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетті, кәсіпқойлықтың дамуына, мектеп тәжірибесін көрсету мүмкіндігіне ықпал етті.Семинар тыңдаушылары алдағы уақытта инклюзивті білім беру педагогтері үшін ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу саласындағы ынтымақтастықты ұсынды.

FaLang translation system by Faboba