24 ақпанда Астана қаласының Әдістемелік орталық және Астана қаласы әкімдігінің «№3 арнайы мектеп» КММ ұйымдастырған «Мектеп – тең мүмкіндіктерді дамыту алаңы» тақырыбында республикалық семинар-практикум өтті.

Негізгі мақсаты: Арнайы білім беру педагогтарының тиімді түзету жұмыстары үшін заманауи инновациялық технологияларды пайдалану.

Семинарға қала мен республиканың арнайы оқу орындарының педагогтары және жалпы білім беретін мектептерінің инклюзивті білім беру педагогтары қатысты. Бағдарламасы аясында ашық сабақтар, шеберлік сыныптар көрсетілді, әдістемелік көрме, сондай-ақ білім алушыларымыздың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Семинар барысында "Ашық микрофон" жұмыс істеді, қорытынды бөлімде қорытындылар шығарылды және кері байланыс жасалды. @astana_adistemelik_ortalyq #РеспубликалықСеминарПрактикум

FaLang translation system by Faboba