Хабарландыру

Құрметті ата-аналар!

(заңды өкілдері)

  • № 3 арнайы мектебі 2024 жылдың 3 маусым айынан бастап 2024-2025 оқу жылына бірініші сыныпқа өтініштерді қабылдауды бастайды(ҚР БҒМ-ң 2020жылғы 27 мамырдағы №223 бұйрығы, №4 қосымша);

  • Бірініші сыныпқа қабылдау үшін өтінішті электронды форматта ҚР электрондық үкіметі egov.kz арқылы қабылданады;

  • Қағаз форматындағы өтінім ҚР электрондық үкіметі egov.kz арқылы берілген өтінім расталғаннан кейін қабылданады;

  • Бірінші сыныпқа зиятының жеңіл бұзылыстары бар балаларға қазақ тілінде оқытатын 1 сынып және орыс тілінде оқытатын 1 сынып ашылады, сондай-ақ зиятының орташа бұзылыстары бар балаларға 1 сынып (оқыту тілі қабылданған өтініштерге байланысты) ашылады;

  • Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 3 маусымнан 30 тамызға дейін;

  • Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады. Алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;

  • Көрсетілетін қызметті алушы (немес оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  • Баланың ата-анасының және өзге заңды өкілдерінен өтініш;

  • ПМПК қорытындысы (түпнұсқасы);

  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН;

  • 3*4 көлеміндегі фотосурет (2 дана);

  • Үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (№3 қосымшаға сәйкес);

  • Денсаулық жағдайы туралы медициналық картасы (№63/у- нысаны – профилактикалық екпелер картасы);

  • Қосымша мүгедектік туралы анықтама (болған жағдайда);

Мекен-жайы:Астана қ, «Байқоңыр» ауданы, С.Сейфуллина к-сі 67А ғим.

Қабылдау бөлмесі: 8(7172)24-83-78

Директор: 8 7172 24-83-79

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: 8 777 999 39 54


Мектепке құжаттарды тапсыру және қабылдау бойынша

ЖАДНАМА

 

1. Электрондық үкіметтің Egov.kz веб-порталына өту → КіруЭСҚСертификат таңдау және негізгі деректерді енгізу;

2. Басты беттегі «Білім» бөлімін басыңыз → «Орта білім» басыныс «Толық көрсету» → «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» қызметін таңдаңыз→ «Онлайн сұрау» түймесін басыңыз;

3. 1-қадам:

  • Өтініш түрін таңдау → «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау».

  • Өтініш кімнен беріледі→ Ата-анасы немесе заңды қамқоршы.

  • Тізімнен баланы таңдаңыз немесе «Баланың ЖСН-ін енгізіңіз»

  • Өтінім туралы мәліметтер:

  • Астана қаласы

  • «Байқоңыр» ауданы

  • «№3 арнайы мектеп» КММ

  • Оқыту тілі: қазақ немесе орыс

  • Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының сканерленген нұсқасы (файлды таңдау және жүктеу)

  • Келісім үшін құсбелгі қойыңыз

  • Сұрау жіберу және қол қою.

2-қадам: ЭСҚ кілтінің орнын таңдап, оған қол қойыңыз.

 

3-қадам: өтініштің күйін тексеріңіз.

FaLang translation system by Faboba