Фестивальдің мақсаты:
Ø оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық негіздері мен дағдыларын дамыту;
Ø жарысқа қатысушыларды өмір қауіпсіздігі мәдениетінің негіздерімен таныстыру;
Ø әрбір қатысушының шығармашылық әлеуетін дамыту;
Ø ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық іс-әрекетіне қоғамның назарын аудару.
Фестиваль-байқау екі кезеңде өтті. Біріншісі – Астана қаласындағы білім беру ұйымдары деңгейінде, екіншісі – қалалық деңгейдегі білім беру ұйымдары арасында.
Байқауға Астана қаласының 1 жалпы және 3 арнайы мектептерінен барлығы 36 оқушы төрт номинация бойынша қатысты:
ü «Сіріңке балаларға ойыншық емес» сурет байқауы;
ü «Өрт сөндіру құралдары» қолөнер байқауы;
ü «Жол қауіпсіздігі» әлеуметтік бейнеролик байқауы;
ü «Қауіпсіз балалық шақ» үгіт-бригада топтық сайысы.
Үш номинация бойынша жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломмен, кубоктар және ақшалай сертификаттардың иегерлері атанды:
· 1 орын – Джаббаров Бағдан, Карабеков Дияр, Миллер Николай;
· 2 орын – Мырзағұлов Алдияр, Махсутов Санжар, Мейрамхан Мирас;
· 3 орын – Ержанова Тамила, Мирошниченко Анастасия, Тауырбаев Ильяс.
Барлық жеңімпаздар дипломмен және «Детский мир» дүкенінің сертификаттарымен марапатталды.
Үгітбригада топтар сайысындаүш команда өнер көрсетті:
1. І орын иегері«Summer time» командасы, «№3 арнайы мектеп» КММ;
2. ІІ орын иегері «Светофор» командасы, «№2 арнайы мектеп» КММ;
3. ІІІ орын иегері «Жас ұлан» командасы, «№1 арнайы мектеп-интернат» КММ.
Фестиваль-байқаудың ұйымдастырушылары іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан «Скулбас» ЖШС, «Дар» қоғамдық қоры, Bigbubble компаниясы мен «ИП Камбарова»секілді демеушілерге, сондай-ақ Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайына концерттік қойылымдары үшін зор алғысын білдіреді.