2024 жылдың 23 қазанында «Астана қаласының Білім басқармасы» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес, «№3 арнайы мектеп» КММ спорт залында Қазақстан Республикасы күніне орай спорт түрлерінен ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған «Спорттық денсаулық кепілі» ІІI қалалық көпсайыс спорттық турнирі өтті. Шараның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың дене қабілеттерін дамыту, балаларды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Турнирге «№1 арнайы мектеп-интернат» КММ, «№2 арнайы мектеп» КММ және «№3 арнайы мектеп» КММ командалары қатысты. Әр команда 9-12 жас аралығындағы он оқушыдан құралды. Турнир эстафеталық жарыс, шағын футбол, асық ату сияқты үш жарыс түрі бойынша өтті.

Әділқазылар алқасы барлық үш түр бойынша қорытынды жасап, командалық жүлделерді бөлді:

1 орын – «№3 арнайы мектеп» КММ;

2 орын – «№2 арнайы мектеп» КММ;

3 орын – «№1 арнайы мектеп-интернат» КММ.

Барлық команда мүшелеріне «Детский Мир» дүкендер желісінің сыйлық сертификаттары, спорттық кубоктар мен дипломдар табыс етілді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар турнирді өткізуге көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін келесі демеушілерге алғыс білдіреді: «Bigbubble» компаниясы, ИП «Қамбарова», Ansar Business Club, «Grand Market NS» ЖШС, ИП «Абдразаков», сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК ұсынған музыкалық нөмірлер үшін.

 

 

 

23 октября 2024 года в соответствии с планом работы КГУ «Управление образования города Астаны»  в спортивном зале КГУ «Специальная школа №3» ко Дню Республики Казахстан проведен III Городской турнир по спортивному многоборью  «Спорт-денсаулықкепілі» для детей с особыми образовательными потребностями. Целью мероприятия являлось развитие физических способностей детей с особыми образовательными потребностями, вовлечение детей в занятия физкультурой и спортом, пропаганда здорового образа жизни.

В турнире приняли участие команды КГУ «Специальная школа - интернат №1», КГУ «Специальная школа №2», КГУ «Специальная школа №3». В составе каждой команды по десять обучающихся в возрасте 9-12 лет. Турнир проводился по трем видам соревнований: эстафета, мини – футбол, асык – ату.

Судейская коллегия подвела итоги по всем трем видам и распределила общекомандные призовые места:

1 место - КГУ «Специальная школа №3»,

2 место- КГУ «Специальная школа №2»,

3 место- КГУ «Специальная школа-интернат  №1».

Все участники команд получили подарочные сертификаты сети магазинов «Детский мира», спортивные кубки и дипломы.

Организаторы мероприятия выражают благодарность за оказанную благотворительную помощь в проведении турнира спонсорам: компании «Bigbubble», ИП «Камбарова»,Ansar Business Club, ТОО «Grand Market NS», ИП «Абдразаков», а также ГККП «Дворец Жастар» акимата г.Астаны за предоставленные музыкальные номера.

FaLang translation system by Faboba