2024 жылдың 12 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «№1 арнайы мектеп – интернаты» КММ-де қалалық «Шам-Шырақ» байқауының 2-кезеңі өтті, оған мектебіміздің оқушылары 6 номинация бойынша қатысып және 3 бірінші, 9 екінші және 9 үшінші орынды иеленді. Барлық жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз! Байқауды ұйымдастырушыларға біздің балаларымызға шығармашылықта өзін көрсетуге және жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік бергені үшін рахмет.