«Зердесі зақымдалған балалармен жұмыс барысындағы түзету-педагогикалық қызметінің тиімді технологиялары: мақсаты, құралдары, нәтижелері» тақырыбында республикалық семинар-практикум
2024 жылғы 28 қарашада Астанада №3 арнайы мектеп базасында «Зердесі зақымдалған балалармен жұмыс барысындағы түзету-педагогикалық қызметінің тиімді технологиялары: мақсаты, құралдары, нәтижелері» тақырыбында маңызды іс-шара - республикалық семинар-практикум өтті.
Ұйымдастырушылар - Астана қаласының Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығы. Конференцияға арнайы білім беру саласындағы негізгі мамандар және «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ бас маманы Гульшат Шайзадинқызы Исинова, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысының орынбасары Жангелді Қуандықұлы Амиргалиев және әдістемелік орталықтың Арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Касымканова Салтанат Есенғалиқызы қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты зердесі зақымдалған балалармен түзету-педагогикалық қызметте тиімді технологияларды қолдану туралы пікір алмасу және тәжірибе алмасу алаңын құру болды. Іс-шараға арнайы білім беру ұйымдарының басшыларын, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен арнайы мектептердің педагогтерін қосқанда 50-ден астам адам қатысты.
Семинардың теориялық бөлігінде арнайы білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша баяндамалар, сондай-ақ Павлодар облысының, Абай және Ұлытау облыстары мен Астана қаласының арнайы мектептері педагогтерінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Талқылау барысы бірлесіп жұмыс істеу және арнайы білім беруге инновациялық тәсілдерді енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.