Республикада қалыптасқан пандемия жағдайларына байланысты балалар мен ата-аналардың және мекеме қызметкерлерінің денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іс-шаралар әзірлеу қажеттілігі туындады.

  • Осыған байланысты «№ 3 арнайы мектеп» онлайн оқыту жүйесіне көшті. Жұмыс үшін WhatsApp мессенджері қолданылды.
  • Педагогтар күн сайын 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін балалардың ата-аналармен байланыста болды. Оқушыларға тапсырмалар жіберілді, бейне қоңыраудың көмегімен кеңестер жүргізілді. Әр ата-ана мен бала үй тапсырмаларын орындауға жауапкершілікпен қарады.
  • Мектеп әкімшілігі ата-аналарға қолдаулары үшін, балаларға айтқан тілді орындап, талпыныстары үшін және де біздің педагогтарға жауапкершілігі, кәсіби шеберлігі мен шығармашылығы үшін үлкен алғыс білдіреді.
  • Біздің күшіміз бірлікте, біз онлайн оқуды меңгердік. 

Мектеп әкімшілігі

FaLang translation system by Faboba