2021 жылдың 27 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№3 арнайы мектеп» КММ ұйымдастыруымен «Ерекше білім беру қажеттілігі бар бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудегі түзету бағыттары» тақырыбында  қалалық вебинар өтті.

Вебинар модераторы: Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Л.Х.Байманова;

Спикерлер:

№ 3 арнайы мектептің дефектолог-мұғалімі С.Х.Аубакирова; педагог-психологы А.Т. Канафина; бастауыш сынып мұғалімі К.Ж.Байкенжеева;

№ 2 арнайы мектептің орыс тілі мұғалімі, дефектолог А.М.Исабекова; бастауыш сынып мұғалімі, дефектолог А.Х.Омбаева; ӘТБ мұғалімі Г.С.Сагнаева;

№1 арнайы мектеп-интернатының тәрбиешісі М.А.Старовойтова; бастауыш сынып мұғалімі А.С.Тулеубекова;

№5 ПМПК дефектолог-мұғалімі Н.А.Ермоленко;

Вебинар қатысушылары келесілермен танысты:

-даму тапшылығы мен оқыту қиындығын еңсеру үшін қажетті оқушылардың түзету-дамыту сабақтарын қалай дұрыс ұйымдастыру және өткізу керек;

-баланың ерекше оқыту қажеттілігіне сәйкес оның дамуына тиімді әдіс-тәсілдері;

Түзету жұмысының жалпы принциптері және қағидаларымен танысты:

  • әр оқушыға жеке көзқараспен қарау;
  • әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып баланы шаршатпауға тырысу (ақыл-оймен жұмыс істеу және практикалық іс-әрекетті ауыстырып отыру, материалды аздап беру, қызықты және түрлі-түсті дидактикалық материалдарды және көрнекіліктерді пайдалану);
  • педагогикалық әдептілік таныту; кішкене жетістіктерін үнемі жақсы сөзбен марапаттау, әр балаға дер кезінде және әдепті түрде көмек көрсету, оның өз күшіне өзі сенімін арттыру;
  • Сондай-ақ , даму кемістігі бар балалардың эмоциялық және когнитивтік саласына түзетуге әсер ететін тәсілдермен:
  • ойын жағдайында;
  • түлері мен ұқсастық белгілері бар заттарды іздеуге байланысты дидактикалық ойындар;
  • басқа адамдармен қарым қатынас жасауды дамытуға ықпал ететін ойын тренингтері;
  • бұлшық еттерінің қысылуын босатуға жол беретін психикалық және демалтатын жаттығулар.

Вебинардың аяқталуында қатысушыларға онлайн-сұрақ-жауап ұсынылды (Google Форм көмегімен).

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdOY50SkI483jABCFxlyucLHoJ-c1l9v3NZsef5pc674KMM5g/viewform?usp=pp_url

FaLang translation system by Faboba