2021 жылдың 1-ҚЫРКҮЙЕГІНЕН бастап бүкіл халықтық ҰЛТТЫҚ САНАҚ басталды. БҰҰ бас Ассамблеясы жариялаған халық және тұрғын үй қоры санағы аясында бұл шара жаһанның 61 елінде жүргізіледі.
2021 жылдың 1 ҚЫРКҮЙЕГІНЕН - 15 ҚАЗАНҒА дейін халық санағына қашықтағы (онлайн) үлгіде www.sanaq.gov.kz сайты арқылы қатысуларыңызға болады
Қашықтағы үлгіде санаққа қатыспаған адамдар 1 ҚАЗАННАН - 30 ҚАЗАНҒА дейін жалғасатын жүзбе жүз сұрақ қою түріндегі (офлайн) санаққа қатысады.
ХАЛЫҚ САНАҒЫ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Отанымыздың әлеуметтік – экономикалық әлеуетін жақсарту бағытында қаржы қазынасын және әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлау үшін маңызды. Бұл біздің – халықтың бақуатты өмірінің кепілі!
Еліміздің ӘР АЗАМАТЫ – Отанымыз үшін басты ТҰЛҒА!

FaLang translation system by Faboba