
Құрметті ата-аналар! Сіздер ең талантты, ең тапқыр, ең талапты ата-анасыздар!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаныңда «Менің Қазақстаным – менің болашағым!» атты сурет сайысына Сіздердің қашықтан оқыту шегінде отбасымен қатысуларыңызды сұраймыз. Себебі бала үшін отбасымен бірге қатысу процесі өте маңызды. Бастамаларыңыз нәтижелі, болашақтарыңыз жарқын болсын!
Сайыс шарттары:
1. Кез келген материалдар (ватман, қалың қатырма қағазаз, майлы бояумен сурет салуға арналған кенеп (холст) және т.б) және сурет салу техникасында (езілген бояу (акварель), гуашь, түрлі-түсті қарындаштар, борлар және т.б) орындалған суреттің фотолары ұсыналады. Сайыс жұмыстарын бағалау өлшемшарттары:
1) тақырыпқа сәйкестік;
2) ұсынылған жұмыстың автордың жасына сай болуы;
3) суреттің тазалығы мен эстетикасы;
4) жұмысты өңдеу.
2. 3 фото сурет жіберу қажет: 1- дайын сурет, 2 фото - баланың сурет салып отырған процесі кезіндегі сәті.
Сайыс 2020 жылғы 23-27 қараша аралығында өтеді.
Дайын суреттердің фотоларын тәрбиешінің поштасына жіберу қажет. Біздің ата-аналар балаларымен бірге нағыз патриот ретінде, белсенді қатысады деген сенімдеміз.
Сіздердің отбасылық суреттер күтеміз!
Сіздерге табыс пен шығармашылық, ұшқыр ой тілейміз!