Ересектер мен балалардың ең сүйікті мерекесі - әрине, Жаңа жыл.


Мектебімізде ең алғаш рет 29 желтоқсан күні барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, балаларға арналған Жаңа жылдық мерекелік кеш өтті. Дайындық мерекеден бұрын басталды. Залымыз мерекеге сәйкес безендірілді. Залдың ортасында әшекейленген әсем шырша, шам, Аяз Ата, Аққаланың қысқы пейзажы бар.
Карантиндік шектеулерге байланысты оқушылар мен педагогтар арасында ара қашықтық, бетперде тағу, үзіліс жасай отырып желдету және кварцтау сыңды сақтық шаралары талаптарға сәйкес орындалды.


Жаңа жылдық мерекеде балалар көңіл көтерді. Мерекелік қойылымға қатысқан мектебіміздің педагогтары Н.А.Казамбаева, М.М.Рахимова, И.Қ.Таласпаева, А.Т.Казбеков, А.Е.Жунусов, С.Х.Аубакирова, Л.С.Айтбаева өздерінің шығармашылық қабілеттерін, шеберлігін, ынта-жігерін және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін жақсы әртіс ретінде көрсетті. Олар әртүрлі кейіпкерлерге: Аяз Ата, Ақшақар, жаңа жыл, сиыр, тышқан сияқты киініп шықты. Аяз ата келуімен шынайы мереке ән және шыршаның айналасында айналмалы билермен басталды. Аяз Ата мен Ақшақарға балалар арнайы дайындаған тақпақтарын оқыды, кейіпкерлермен суретке түсті, Жаңа жылдық сыйлықтар алды.

Мектеп оқушыларына жаңа жылдық мерекеге орай тәтті сыйлықтар сыйлаған «Азамат – Құрылыс» ЖШС құрылыс компаниясы және «Дар» қоғамдық қорына мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз! Ата-аналарда балаларына осындай қуаныш сыйлағаны үшін алғыстарын білдірді.