Тіл - ұлт жүрегінің бір бөлшегі
Елімізде Қазақстан халқы тілдері күні 1998 жылғы 20 қаңтарда республика президентінің жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі етіп бекітілген болатын. Осы уақытқа дейін 22 қыркүйек күні тойланатын мейрамның 2017 жылы датасы өзгерді. Бұдан былай мейрам 5 қыркүйек күні аталып өтіледі.
Мейрамның жаңа датасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп таңдалып алынған. 1873 жылдың 5 қыркүйегінде қазақ тіл білімімен және әдебиеттануымен айналысқан ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Ол қазақ тіл білімінің негіздерін, грамматиканың ғылыми терминологиясын жасаған.Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған. Осы арқылы халық өзіне керегін алып, білім алады.
Сіздерді бүгінгі Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтаймыз!