Аяулы ұстаздар!
Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез-келген шәкірт ұстазымен мақтанады.
Ұрпақ тәрбиелеу жолында толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, "Ұстаздар күні" мерекесімен сіздерді құттықтаймыз.
Отбасыларыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!
Егер өмір алтын болса, Зергері оның - МҰҒАЛІМ. Егер өмір теңіз болса, Гауһары оның - МҰҒАЛІМ. Егер өмір жүзік болса, Оның көзі - МҰҒАЛІМ. Егер өмір ақын болса, Оның сөзі - МҰҒАЛІМ!